03.07.2019, 15:02 3632

Қостанайлықтардың жылу үшін төлейтін ақысы төмендеді

Егер 2016 жылдың бірінші тоқсанында тұрғындар орта есеппен 1,59 Гкал үшін ҚҚС қоса есептегенде 7719 теңге төлеген болса, 2019 жылдың бірінші тоқсанында - осынша жылу үшін 7600 теңге төледі

Қостанай. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қостанайлықтардың жылу үшін төлейтін ақысы төмендеді, деп мәлімдеді "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Егер 2016 жылдың бірінші тоқсанында тұрғындар орта есеппен 1,59 Гкал үшін ҚҚС қоса есептегенде 7719 теңге төлеген болса, 2019 жылдың бірінші тоқсанында - осынша жылу үшін 7600 теңге төледі. Осылайша, үш жылда жылудың құны төмендеп отыр", - деп хабарлады "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК директоры Асқар Бекпағанбетов.

Келтірілген статистикаға жүгінсек, "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК2016-шы қаржылық жылды 370 млн теңге шығынмен, 2017 жылды - 57 млн теңге табыспен, 2018 жылды - 30 млн теңге табыспен аяқтады.

Жылу компаниясындағылар желіні жаңғыртуға Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынған несие мен жылу шығындарын азайтуға бағытталған жұмыстар осындай оң динамикаға негіз болған.

2016 жылы "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК Еуропалық қайта құру және даму банкімен арада 3,7 млрд теңге сомасында кредит туралы шартқа отырған. Бұл қаражат жылу желілерін, қалалық негізгі қазандықтарды - ЖЭО, №2 және №3, сондай-ақ, шағын қазандықтар цехтарын жаңғыртуға жұмсалып отыр.

2019 жылдың 12 маусымында "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК несие бойынша бірінші төлемді жасады. Жылына осындай 2 төлемнен барлығы 20 төлем жасалатын болады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету туралы тапсырмасынан кейін тиісті жұмыстар жүргізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны