01.06.2017, 18:15 4733

Отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу 2017 жылы 31 млрд. жуық теӊгені құрады

Бірыӊғай дистрибьютер 2017 жылы отандық тауар өндірушілермен (ОТӨ) арадағы ұзақмерзімді келісімшарт бойынша 30,9 млрд.теӊге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алды, бұл 2010 жылғы ұқсас көрсеткішпен (4,8 млрд.) салыстырғанда алты есеге көп.

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Импортқа тәуелділікті азайту және Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау жүйесініӊ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Бірыӊғай дистрибьютер (БД) - СК-Фармация, өз құзыреттілігі шегінде, дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) жеткізу жөнінде ұзақ мерзімді келісімшарт жасау және тендерлік рәсімдерде жеӊілдіктер, артықшылықтар беру арқылы осы саладағы отандық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетеді.

Бірыӊғай дистрибьютер 2017 жылы отандық тауар өндірушілермен (ОТӨ) арадағы ұзақмерзімді келісімшарт бойынша 30,9 млрд.теӊге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алды, бұл 2010 жылғы ұқсас көрсеткішпен (4,8 млрд.) салыстырғанда алты есеге көп.

Бірыӊғай дистрибьютермен ұзақмерзімді келісімшарт жасау отандық тауар өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықты арттырады. 10 жыл мерзімге әрекет ететін келісімшарт инвесторлар мен өндірушілерге өндірілген өнімніӊ өтімділігіне кепілдік береді. Қазіргі уақытта 20 ОТӨ-мен 213 ММБ мен 553 ДЗ сатып алу үшін 30 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Сонымен бірге, ұзақмерзімді келісімшарттар жөніндегі жобаларды 2017 жылдан бастап жүзеге асыру кезінде, БД отандық фармацевтикалық өнімдерді сатып алу көлемі 2024 жылға қарай 30 млрд. теӊгеден 68 млрд. теӊгеге дейін артады.

Сондай-ақ, медициналық техника өндіру бойынша отандық өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу мақсатында, 2015 жылы Бірыӊғай дистрибьютер медициналық техника жеткізу үшін бірқатар ОТӨ-мен ұзақ мерзімді шарттар жасасты (7 жылға): "Аксель и А" ЖШС, "Ақтөберентген" АҚ, "KAZMEDPRIBOR Holding" ЖШС және "ОралМедРегион" ЖШС. Жасалған ұзақ мерзімді шарттар жиынтығы бойынша Бірыӊғай дистрибьютер сатып алуға тиісті медициналық техникалар тізіміне медициналық техниканыӊ 99 атауы кіреді. БД медициналық техникаларды тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында, тізім бойынша, тапсырыс берушініӊ алдағы күнтізбелік әр жылға берген тапсырысы негізінде 37 айға кепілдендірілген сервистік қызмет ұсынатын өндіруші компаниядан сатып алады.

ҚР ДСМ ДСД РО баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны