25.01.2021, 17:56 9786

Отбасы банкінде зейнетақы жинақтарын алуға арналған өтінімдердің күшін жою себептерін атады

Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - "Отбасы банк" зейнетақы жинақтарын алуға арналған өтінімнің күшін жою себептерін атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today банктің желідегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Банктің ақпараты бойынша, егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:
 
1. Егер қажет сома "0" деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
 
2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе.
 

Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек", - деп түсіндірді банкте.

 
3. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек.
 

Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады", - деп хабарлады банкте.

 
Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс – шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді.
 
Сонымен қатар, ұйым enpf-otbasy.kz платформасында өтінімді жою функциясының іске қосылғаны туралы хабарлады.
 

Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінде қателік жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдасаңыз, жеке кабинетіңіздегі өтініштен бас тарта аласыз", - делінген хабарламада.

 
Өтінімді жою үшін: 
 
1. Жеке кабинетке өтіп, "менің өтінімдерім" қосымша бетін басыңыз. 
 
2. Жойғыңыз келетін өтінімді таңдаңыз. 
 
3. Экранның төменгі жағында "өтінімді болдырмау" батырмасын басыңыз.
 
Естеріңізге сала кетейік, enpf-otbasy.kz зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану платформасы жұмысты 23 қаңтарда бастады. 
 
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін мына жерден көруге болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны