01.04.2015, 22:48 4387

Өткен айда баға мұнайға 5,7 пайызға жоғарылап, бензинге 0,5 пайызға төмендеді - ҰЭМ

Өткен айда бағаныӊ мұнайға - 5,7 пайызға жоғарылауы, ал мазутқа - 4 пайыз, дизельдік отынға - 2,6 пайыз, металл кендеріне - 2,5 пайыз, көмірге - 1,6 пайыз, бензинге - 0,5 пайызға төмендеуі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметінен хабарланды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен айда бағаныӊ мұнайға - 5,7 пайызға жоғарылауы, ал мазутқа - 4 пайыз, дизельдік отынға - 2,6 пайыз, металл кендеріне - 2,5 пайыз, көмірге - 1,6 пайыз, бензинге - 0,5 пайызға төмендеуі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министрліктіӊ мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 7,2 пайызға жоғарылап, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,5 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімге баға 4 пайызға қымбаттаса, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Баға қорғасынға - 15,2 пайыз, мырышқа - 8,5 пайыз, қара металдар илегіне - 3 пайыз, мысқа - 2,5 пайыз, ферроқорытпаларға - 0,3 пайызға жоғарылады, асыл металдарға - 2,8 пайызға, алюминийге - 1,4 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, есепті кезеӊде бағаныӊ қарақұмық жармасына - 5,6 пайыз, қара бидай ұнына - 4,9 пайыз, мал етіне - 2,5 пайыз, құс етіне - 2,4 пайыз, өсімдік майына - 2 пайызға, сүт өнімдеріне және қантқа - 0,7 пайыздан, балыққа - 0,6 пайызға төмендеуі тіркелді", - делінген баспасөз баянында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны