13.04.2012, 09:56 3505

Өткен айда Қазақстанда тұрғын үй саласында келісімшарттарды жасау 10 пайызға төмендеген

Биылғы наурызда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу және сату бағытындағы келісімдер 11 630-ды құрады.

Астана. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Өткен айда Қазақстанда тұрғын үй саласында келісімшарттарды жасау 10 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агентігі мәлім етті.

Биылғы наурызда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу және сату бағытындағы келісімдер 11 630-ды құрады.

Ақпан айымен салыстырғанда мұндай келісімдер 10,4 пайызға төмендеген.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сату және сатып алу жөніндегі келісімдер 16,4 пайызға артып отыр.

Статистикалық мәліметтер бойынша Ақмола облысында осындай 623 келісім тіркелсе, Алматы облысында 1090, Оңтүстік Қазақстан облысында 1105, Астанада 776 болса, сондай-ақ Алматыда 1657 келісім тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны