23.04.2007, 11:21 3486

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 0,71 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 23-сәуір. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі (ұсыныс индексінде) 25,34 АҚШ долларына, немесе 0,71 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 3611,66 АҚШ долларын құраған.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылғы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,54 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда бәсең.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 5038 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2794 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық азайды. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 1,8 (180 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісне байланысты.

Болжам. Бағаның өсу қарқыны үш апта бойы 1 пайыздан кем болмайды. Бағаның өсуінің осы екпінімен қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы маусым айының басында 4000 АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші 0,2 пайызға төмендеп, бір шаршы метрі 4189 АҚШ долларын құрап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны