24.07.2007, 18:02 3289

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 0,84 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 24-шілде. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі (ұсыныс индексінде) 30,32 АҚШ долларына, немесе 0,84 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 3639,34 АҚШ долларын құраған.

Ұсыныс бесінші апта бойы қатарынан төмендеуде. Қала бойынша жалпы ұсыныс индексі өткене аптамен салыстырғанда 0,15%-ке азайды. Сұраныстың ұсыныстан арту индексі 0,84пайызды құрады

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылығы өсті. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,73 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасы өсіп, арзан пәтерлер бағасы төмендеді.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 5604 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2302 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық өсті. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 2,43 (243 пайызды) құрады. Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісіне байланысты.

Ең көп бағасы түскен Алмалы ауданынындағы кірпіш үйлердегі бес бөлмелі пәтерлер - 15,82 пайыз. Баға 4678 АҚШ долларынан 3938 АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл қымбат пәтерлердің сатылу есебінен болып отыр. Нарықта арзан пәтерлер көп қалды. Бұл механизм Медеу ауданындағы монолиттік** үйлердегі бір бөлмелі пәтерлер бағасының 13,63 пайызға, яғни 4490 АҚШ долларынан 3878 АҚШ долларына дейін түсуін қамтамасыз етіп отыр.

Медеу ауданындағы панель үйлердегі өте қымбат екі бөлмелі аздаған үйлерге нарықтағы ұсыныс осы форматтағы орташа бағаның айтарлықтай өсуіне (29,77 пайызға, 4478 АҚШ долларынан 5811 АҚШ долларына) әкеп соқтырды. Осы себеппен де Жетісу ауданындағы кірпіш үйлердегі екі бөлмелі пәтерлердің шаршы метрінің орташа бағасы өсіп отыр (19,39 пайызға, 3467 АҚШ долларынан 4132 АҚШ долларына дейін).

Болжам. Соңғы екі ай бойы тұрғын үй құны бір шаршы метріне шамалы жоғары трендпен 3650 АҚШ долларын құрады. Бағаның маусымдық тұрақтану фазасы жүріп жатыр, маусым, шілде және тамызда баға бір шаршы метріне 3500-3700 АҚШ доллары аралығында ауытқиды.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші 0,2 пайызға, немесе 8 АҚШ долларына төмендеп, бір шаршы метрі 4070 АҚШ долларын құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны