15.01.2007, 12:42 3064

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 2,08 пайызға өсті

АЛМАТЫ. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасының көрсеткіші 52,88 АҚШ долларына немесе 2,08 пайызға өсіп, бір шаршы метрі 2590,23 АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, пәтерлер ұсынысы да өсті, бірақ 2006 жылдың орташа деңгейіне жеткен жоқ.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылғы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,73 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда баяу.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 3896 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 1539 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық төмендеген. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 2,33 (233 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісне байланысты. Өзгеру екпініне қатысты жасалған болжам бойынша 2007 жылдың мамыр-маусым айларындағы қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 3000 АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны