09.07.2007, 12:11 2745

Өткен аптада Алматыдағы пәтер құны 0,97 пайызға арзандады

АЛМАТЫ. 9-шілде. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғын үй бағасының индексі (ұсыныс индексінде) 35,8 АҚШ долларына, немесе 0,97 пайызға арзандап, бір шаршы метрі 3664,9 АҚШ долларын құраған. Үш аптаға созылған арзандаудың қарқыны азайды. Қала бойынша жалпы ұсыныс индексі өткене аптамен салыстырғанда 0,17%-ке азайды. Сұраныстың ұсыныстан арту индексі 1,29% болды.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылығы азайды. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,7 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының арзандауы қарқыны арзан пәтерлер бағасының арзандауымен салыстырғанда бәсең.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 5437 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2623 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық азайды. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 2,07 (207 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісіне байланысты.

Болжам. Соңғы екі ай бойы тұрғын үй құны бір шаршы метріне шамалы жоғары трендпен 3650 АҚШ долларын құрады. Бағаның маусымдық тұрақтану фазасы жүріп жатыр, маусым, шілде және тамызда баға бір шаршы метріне 3500-3700 АҚШ доллары аралығында ауытқиды.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші 0,2 пайызға, немесе 8 АҚШ долларына төмендеп, бір шаршы метрі 4070 АҚШ долларын құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны