14.03.2012, 15:22 3278

Өткен қаңтар айында сыртқы сауда айналымы 10934,0 млн. АҚШ долларына жетті

2012 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 602,3 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 11,5 пайызға өскен.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Өткен қаңтар айында сыртқы сауда айналымы 10934,0 млн. АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 602,3 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 11,5 пайызға өскен.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 1310,8 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 15,5 пайызға артты.

Сонымен қатар аталған мерзімде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 27,2 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 11,5 пайызға өсті.

2012 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 10934,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтарға қарағанда 97,8 пайызға жоғарылады, оның ішінде экспорт - 8263,9 млн. АҚШ долларын (2,1 есе өсті), импорт - 2670,1 млн. АҚШ долларын құрады (53,4 пайызға өсті).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны