14.09.2015, 10:46 4320

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар валюталарын жарияламай шекара асуға әрекет еткен азаматтарды ұстады.

Атап айтқанда, қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" шекаралық бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары қомақты қаржысын жасырып өтуге тырысқан Қазақстан азаматшасын ұстауға мәжбүр болды

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Атап айтқанда, қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" шекаралық бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары қомақты қаржысын жасырып өтуге тырысқан Қазақстан азаматшасын ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекаралық тексеру кезінде 35 жастағы әйелдіӊ 4000 000 теӊгені жарияламай өтіп бара жатқандығы анықталды.

Аталған істіӊ материалдары "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

*****

Сондай-ақ, "Алматы" (әуежай) бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары валютасын жарияламай өтіп бара жатқан Иран елініӊ азаматын ұстады.

КС 911 рейсі бойынша "Алматы - Стамбул - Тегеран" бағытымен ұшқалы тұрған Иран азаматыныӊ қойын-қонышын тексеру барысында жарияланбаған 57 300 АҚШ доллары, 1 155 000 иран реалы, 440 түрік лирасы, 23 500 теӊге табылды.

Ұсталған азамат пен валюталар "Жетысу" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны