19.10.2010, 14:30 3997

Өткен тәулікте бидайдың әлемдік нарықтағы бағасы айтарлықтай түсіп кетті

Өткен тәулікте бидайдың әлемдік нарықтағы бағасы айтарлықтай түсіп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 19 - қазан. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте бидайдың әлемдік нарықтағы бағасы айтарлықтай түсіп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Илемдік нарықтағы бағаның бір тәулікте айтарлықтай түсіп кетуі кеше орын алды. Кеше сағат 19.00 жағдаймен Чикагоның ірі астық биржасында бір бушель (27,3 кг) астықты 6,9375 АҚШ долларына бағалаған, бұл сауда басындағы бағадан 1,5 пайызға төмен, деп атап көрсетілген ақпаратта.

"Сонымен бірге жүгерінің де бағасы түсіп кеткен. Сөйтіп бүгін жария етілген Укрнаина үкіметінің астық экспортына квота енгізу туралы шешімі нарыққа жағымсыз әсер етпеді",- деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны