02.02.2012, 12:32 3673

Өткен жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жалпы табысы 24 пайызға артқан

2011 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының шоғырландырылған табысы 24 пайызға, яғни 379,2 млрд теңгеге дейін артқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жалпы табысы 24 пайызға артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының шоғырландырылған табысы 24 пайызға, яғни 379,2 млрд теңгеге дейін артқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

"Шоғырландырылған табыс көлемі 379,2 млрд. теңгені құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштен 115% және өткен жылғыдан 24% көп",- делінген компанияның 2011 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары туралы хабарламада.

"Алдын-ала деректер бойынша, 2011 жылы КМГ-нің шоғырландырылған кірісі 2,8 трлн. теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 26% және өткен жылғы табыстан 25% артық", - делінген хабарламада.

"2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы жедел деректер бойынша, ҚМГ еліміздің бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде барлығы 517,5 млрд. теңге төледі, бұл бекітілген жоспардан 35% және өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23% артық", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны