22.05.2006, 15:26 3251

Өзара айырбас шартымен Қазақстан астығын Иранға сату 2006-жылы жолға қойылады

АЛМАТЫ. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Өзара айырбас шартымен Қазақстан астығын Иранға сату 2006-жылы жолға қойылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасындағы Иран елшісі Ромин Мехмонпараст журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстандық өкілдер осы мәселені шешу үшін жуырда Иранға барады деп сенеміз”,- деді елші.

Ромин Мехмонпараст мырзаның айтуынша, жобаға сәйкес алғашқы жылы 1 млн. тонна астық беру көзделген. “Жыл сайын бұл көлем 1 млн. тоннаға артып отырмақ. Бес жылдан кейін Қазақстаннан экспортталатын астық мөлшері 5 млн. тоннаға жеткенін біз қалаймыз”,- деді Иран Ислам Республикасының еліміздегі елшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны