13.05.2008, 18:38 3127

Өзбекстан Ресейге газ тасымалын ұлғайтады

Өзбекстан Ресейге газ тасымалын ұлғайтады

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылы Өзбекстан Ресейге жіберілетін газ экспортының көлемі 12,75 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады, ал өткен жылы оның көлемі 10 млрд текше метрді құраған. Бұл туралы "Өзбекмұнайгаз" Ұлттық холдинг компаниясы төрағасының орынбасары Шавкат Маджитов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік CA-News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ш. Маджитовтың айтуынша биылғы жылы Өзбекстан экспорттайтын табиғи газ көлемінің 85 пайызы Ресейдің үлесіне тиеді.

Өткен жылы 14,5 млрд текше метр газдың 10 млрд текше метрі Ресейге жөнелтілді.Өзбекстанмен көршілес тұрған Қырғызстан мен Тәжікстанға 1,5 млрд текше метр көлемінде көгілдір отын экспортталды.

2006 жылы Ресейге 9,58 млрд текше метр газ жіберілсе, Қазақстан - 1,6 млрд, ал Қырғызстан мен Тәжікстан екеуі 1,47 млрд текше метр өзбек табиғи газын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны