18.07.2008, 11:13 1496

Өзбекстанда 6 млн тонна астық жиналды

Өзбекстанда 6 млн тонна астық жиналды

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстандық жер иелері жылдық келісімдік тапсырманы асыра орындап 6 млн 175 мың тонна астық жинады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі UzReport ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Өзбекстанның Ауыл және су шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қол жеткен табыстың негізгі факторы тұқым себу маусымының ұйымдастырылған түрде жүргізілуі, аграрлық салаға заманауи технологияларды енгізу, селекциялық жұмыстар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресумен байланысты шараларды дер кезінде орындау болып табылады.

Егіс алқаптарында түсімді жинау жалғасуда. Сонымен қатар, босаған аумақтарға ауыл шаруашылығының дақылдарын қайта егу жұмыстары басталып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны