27.09.2016, 10:03 3984

Өзбекстандық кәсіпкерлер оӊтүстіктіӊ өндіріс орындарымен танысты

Шекаралас жатқан елдіӊ қонақтарыныӊ құрамында 20-ға жуық түрлі саладағы кәсіпкерлер бар. Олар өӊірге жасаған жұмыс сапары барысында "Оӊтүстік" индустриялық аймағы мен "Оӊтүстік" арнайы экономикалық аймақтыӊ жұмысымен танысып, ондағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысына ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев бастаған Өзбекстаннан арнайы делегация келген болатын, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шекаралас жатқан елдіӊ қонақтарыныӊ құрамында 20-ға жуық түрлі саладағы кәсіпкерлер бар. Олар өӊірге жасаған жұмыс сапары барысында "Оӊтүстік" индустриялық аймағы мен "Оӊтүстік" арнайы экономикалық аймақтыӊ жұмысымен танысып, ондағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді. Сонымен қатар, екі жақты ынтымақтастықты нығайту үшін күнгейлік кәсіпкерлер мен делегация өкілдері арасында В2В форматында кездесу өткізіліп, бірлескен кәсіпорындар ашу, өзара байланысты нығайту турасында келіссөздер жүргізілді.

Осы күні Өзбекстан мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтыӊ қабылдауында болды. Кездесу барысында елші ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі жақтыӊ кәсіпорындары арасыӊда ауыл шаруашылық, пластмассалық бұйымдар жасау және тері өӊдеу мен киім тігу сынды бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезінде аймақ басшысы екі елдіӊ арасындағы ынтымақтастықтыӊ зор екенін айтып, өӊірдіӊ инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Өзбекстан тарапынан ұсынылған жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Өзбек делегациясы облыстыӊ инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қызығушылық танытты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны