14.05.2008, 19:13 3269

"Өзбекстан-Қытай" газ құбырының құрылысы маусымда басталады

"Өзбекстан-Қытай" газ құбырының құрылысы маусымда басталады

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытайға Түркменстанның табиғи газы тасымалданатын "Өзбекстан-Қытай" газ құбырының құрылысы жоспар бойынша маусымда басталады, деп хабарлайды агенттік "CA-News" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Өзбекмұнайгаз" ұлттық холдинг компаниясының төрағасы Шавкат Маджитов Орталық -Азия ақпараттық агенттігіне хабарлағанындай, газ құбырының құрылысын салу үшін биылғы жылдың сәуір айында арнайы құрылған Asia Trans Gas өзбек-қытай бірлескен кәсіпорынның жарғылық қоры құрылды. Енді газ құбыры жобасының қаржыландыруы басталады.

Газ құбырының бірінші желісі мен №1 компрессорлық станциясы келесі жылдың аяғында салынады деп болжанып отыр, ал 2010 жылдың қаңтар айында ол пайдалануға тапсырылады. Ал екінші желісі мен екі компрессорлық станциясы 2011 жылдың аяғында аяқталуы тиіс.

Asia Trans Gas бірлескен кәсіпорын "Өзбекмұнайгаз" және China National Petroleum Corporation (CNPC) тең үлеспен құрылды. Оған биылғы жылдың сәуір айында "Өзбекстан-Қытай" газ құбырын пайдалану және құрылыс салу қағидалары туралы үкіметтердің екі жақты келісімі түрті болды. Келісім бойынша жобаның қаржыландыруын Қытай жағы өзіне толық жүктеді.

Газ құбырының қашықтығы 530 шақырымды құрап, жылына 30 млрд текше метр табиғи газды өткізуге мүмкіндігі болады. Газ құбыры арқылы көбінесе түркмен газы жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны