24.07.2015, 12:16 3753

Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игеру келісім-шартыныӊ мерзімі ұзартылды

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика Министрлігі мен 100% акциялары ҚМГ БӨ-ніӊ иелігіндегі "Өзенмұнайгаз" АҚ арасында Маӊғыстау облысында орналасқан Өзен және Қарамандыбас мұнай кен орындарын игеру туралы 1996 жылдыӊ 31 мамырында қол қойылған № 40 келісім-шарттыӊ мерзімін 2036 жылдыӊ 31 мамырына дейін ұзарту туралы № 5 қосымшаға қол қойылғанын хабарлайды. Бұған дейін келісім-шарттыӊ мерзімі 2021 жылға дейін болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Анықтама

ҚМГ БӨ 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардыӊ үштігіне кіреді. 2014 жылы компанияныӊ өндіру көлемі "Қазгермұнай" БК ЖШС мен CCEL ("Қаражанбасмұнай" АҚ) және "ПетроҚазақстан Инк." компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мыӊ баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдыӊ дәлелденген және болжамды қорларыныӊ көлемі 2014 жылдыӊ соӊындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оныӊ 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) "Өзенмұнайгаз" АҚ , "Ембімұнайгаз" АҚ және "Урал Ойл энд Газ" (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияныӊ акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонныӊ Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдыӊ қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны