03.02.2012, 11:46 3528

"Өзенмұнайгаздағы" ереуілдерге және электр қуатын жеткізудегі іркілістерге байланысты мұнай өндіру 4 пайызға төмендеді

ҚМГ" ҰК" АҚ-ның мұнай және газ конденсатын шоғырландырылған өндіру көлемі 21,1 млн.тоннаны құрады, бұл 2010 жылдан 4%-ға аз. Жоспардың орындалмауы "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ-да мұнай өндірісінің төмендеуімен байланысты. Өзенмұнайгаздағы" ереуілдердің зардаптары мен электр қуатын жеткізудегі іркілістерге байланысты 1 218 мың тонна мұнай өндірілмей қалды", - деп атап өтті ол.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - "Өзенмұнайгаздағы" ереуілдерге және электр қуатын жеткізудегі іркілістерге байланысты мұнай өндіру 4 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада "Самұрық-Қазына" қорының кеңейтілген алқа мәжілісінде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов хабарлады.

"ҚМГ" ҰК" АҚ-ның мұнай және газ конденсатын шоғырландырылған өндіру көлемі 21,1 млн.тоннаны құрады, бұл 2010 жылдан 4%-ға аз. Жоспардың орындалмауы "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ-да мұнай өндірісінің төмендеуімен байланысты. Өзенмұнайгаздағы" ереуілдердің зардаптары мен электр қуатын жеткізудегі іркілістерге байланысты 1 218 мың тонна мұнай өндірілмей қалды", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны