22.12.2009, 17:15 3525

Пайдалы қазба өндіру салығын төлеуден бюджетке түскен түсімдер биыл 19%-ға өсті - Ерғожин

Пайдалы қазба өндіру салығын төлеуден бюджетке түскен түсімдер биыл 19%-ға өсті - Ерғожин

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Пайдалы қазба өндіру салығын төлеуден бюджетке түскен түсімдер биыл өткен жылғымен салыстырғанда 19%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Теңізшевройлды" және өзара өнім бөлісу жөніндегі режимді, салық салу режимі тұрақты сақталып қалғандарды қоспағанда, мұнай саласының ұйымдары ағымдағы жылдың үш тоқсанында бюджетке Пайдалы қазба өндіру салығы бойынша 179,5 млрд теңге төледі, ал 2008 жылдың осы мерзімінде аталған ұйымдардан роялти бойынша түсімдер бар-жоғы 149 млрд болған", - деді Д. Ерғожин.

"Сөйтіп, бюджетке түскен Пайдалы қазба өндіру салығы бойынша түсімдер 19% құрады", - деді ол.

Салық комитеті төрағасының мәліметінше, "тау-кен секторындағы ұйымдар ағымдағы жылдың үш тоқсанында бюджетке Пайдалы қазба өндіру салығы бойынша 55,4 млрд теңге аударды, бұл 2008 жылдың 9 айындағы роялти түсімдерінен 330% артық, ол - 16,8 млрд теңге болған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны