30.11.2007, 13:36 3077

Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық кен орындарын пайдаланушылардың салық алу негізін екі есеге ұлғайтады

Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық кен орындарын пайдаланушылардың салық алу негізін екі есеге ұлғайтады

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық, кен орындарын пайдаланушылардың салық салу негізін екі есеге ұлғайтады. Мұндай пікірді бүгін, журналистерге берген сұхбаты кезінде қаржы вице-министрі-Дәулет Ерғожин құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егер қазба байлықтарына салық салатын болсақ, онда кен орындарын пайдаланушылардың салық базасы екі есеге дейін көтеріледі", - деді Д. Ерғожин.

"Ең көп дегенде екі есеге өседі, бірақ оны есептеу керек", - деп сөзін жалғастырды ол.

Оның ақпараты бойынша, биылғы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет қоржынына 500 млн теңгеден аса салық түсімдері аударылды.

Бүгін хабарланғанындай, ҚР қаржы министрлігі ренттік түсім салығының орнына пайдалы қазба өндіруге салық салуға ұсыныс жасалғаны туралы қаржы вице-министрі Д. Ерғожин құлағдар еткен.

"Осыған байланысты біз салық кодексіне кезекті өзгертулер мен толықтырулар енгіземіз. Сол арқылы республика шикі заттан түсетін тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі ", - деді Д. Ерғожин.

Ол түсіндіргеніндей, пайдалы қазбаларға салынатын түсім салығының орнына салық салынуы мүмкіндігі туралы мәселе көтерілуде. " Бүгінде біз роялти және ренттік салық туралы әңгіме көтеріп отырмыз, олар іс жүзінде жалпы көлемде төленбейді", - деді Д. Ерғожин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны