20.05.2008, 18:14 2871

Парламент республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкіметтің есебін қарауды жоспарлауда

Парламент республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкіметтің есебін қарауды жоспарлауда

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламент 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкіметтің есебін 27 маусымда қарауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін мәжілістің жұмыс тобының жетекшісі, депутат Нұртай Сәбильянов есептің тұсаукесері барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Н. Сабильяновтың айтуынша, 11 маусымда үкіметтің есебін мәжілістің жалпы отырысына, ал 27 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында талқылау межеленген.

Конституцияға сәйкес, бірлескен отырыста парламент республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкіметтің есебін бекітеді, осы орайда есептің бекітілмеуі парламенттің үкіметке сенімсіздік танытуын білдіреді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жылы 26 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы игерілген жоқ.

"Республикалық бюджеттің шығындары 2007 жылы қайтарылған қарыздарды есепке алмағанда 2,48 трлн теңге, немесе, жылдық жоспардың 98,9% құрады. 26 млрд астам теңге игерілген жоқ", - деді Б. Жәмішев. Оның айтуынша, игерілмеген 12 млрд астам теңге мақсатты трансферттерге жатады.

Оның ақпаратына сәйкес, республикалық бюджеттің кірісі бойынша "жоспар жүз пайыз орындалды". Министрліктің мәліметінше, 2007 жылы республикалық бюджет кірістерінің нақты түсімі 2,22 трлн теңгені құрады.

Министрдің айтуынша, Жалпы ішкі өнімге шаққанда бюджетке түскен салық түсімдерінің деңгейі өткен жылдың 11 айында 26,3% құрады. "Біз 2008 жылы ол Жалпы ішкі өнімнің 28%-ына, 2009 жылы 29%-ына және 2010 жылы 30%-ына жақындайды деп ойлаймыз", - деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны