18.07.2014, 19:26 3728

Павдолар облысында 353 млрд теңгенің жалпы өнімі өндірілді

Павлодар облысында ағымдағы жылдың І тоқсанында 353,2 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 5,8 %-ға жоғары.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Павлодар облысында ағымдағы жылдың І тоқсанында 353,2 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 5,8 %-ға жоғары. Бұл туралы ағымдағы жылдың І жарты жылдығына арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша кеңейтілген отырыста аймақ басшысы Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 469,1 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа деңгейден 6,6%-ға жоғары және аймақ 6 орында тұр.

Сонымен қатар, келелі кеңесте шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалынсада кәсіпкерлік қызмет төмендеп келеді, деп аталып өтті.

Осыған байланысты, облыс әкімі жауапты мекемелерге ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының инвестициялық жобаларын қадағалап, ол бойынша орын алған олқылықтарды толтыруға және кәсіпорындардағы проблемаларды шешуге атсалысуды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны