09.01.2009, 12:37 1736

Павлодар қаласында 2009 жылғы бюджет кірістері 25 млрд теңгеден асады

Павлодар қаласында 2009 жылғы бюджет кірістері 25 млрд теңгеден асады

Павлодар. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласында алдын-ала есеп бойынша, 2009 жылғы бюджет кірістері 25 млрд 600 млн теңгені құрайды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық "Наша жизнь" қоғамдық-саяси газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қала қазынасын жалпы көлемі 4 млрд 302 млн теңгені құрайтын республикалық және облыстық трансферттер мен несиелер құрайды. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Қайрат Нұрмағамбетовтың түсіндіруінше, биылғы бюджет 16% өсті, бірақ, жалпы шығындар көлемі бұрынғы деңгейде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны