08.09.2016, 12:35 3305

Павлодар мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 517 млн долларды құрады

Павлодар облысыныӊ әкімі Ресей Федерациясыныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті.

Павлодар. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысыныӊ әкімі Ресей Федерациясыныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті. Тараптар екі жақты әріптестік мәселелерін талқылап, Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдіӊ бірлескен форумы туралы сөйлесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Болат Бақауов өзара әӊгімеде Павлодар облысыныӊ Ресей Федерациясыныӊ көршілес өӊірлерімен арадағы сауда айналымыныӊ аса жоғары екенін атап өтті. Ресми деректер бойынша 2016 жылдыӊ бірінші жартысында сауда көлемі 517 млн. долларға дейін жетіп, оныӊ ішінде экспорт көлемі 301 млн. доллар болса, импорт 216 млн. долларды құрады.

Өз кезегінде Михаил Бочарников аймақ басшысына алғысын білдіріп, осы жылдыӊ қазан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдіӊ ХІІІ өӊіраралық форумында кездесетінін атап өтті.

"Форум шеӊберінде министрлер мен аймақ басшыларыныӊ қатысуымен мемлекет басшыларыныӊ кездесуі өтеді", - деп атап өтті дипломат. - Орталық органдармен қатар, өӊірлер арасында да бірқатар келісімшарттарға қол қойылады.

Павлодар облысыныӊ тоғыз жүзден аса кәсіпорындары мен кәсіпкерлері ресейлік әріптестермен сыртқы экономикалық байланыс орнатқан. Олардыӊ ішінде ірі кәсіпорындар да баршылық. Өӊірімізде екі жүзден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Ресейге экспортқа шығатын саланыӊ басым бөлігін отын-энергетикалық, металлургия және химия өнеркәсіптерініӊ өнімдері құрайды. Атап айтқанда, облыста өндірілетін алюминий, көмір, метал құбырлар, полипропилен, хлор, тұз қышқылы көрші мемлекетке сатылымға шығарылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны