23.05.2011, 14:34 3092

Павлодар мұнай-химия зауытын модернизациялауға жұмсалатын шығын 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды

"Хабар" телеарнасының хабарлауынша, жаңа экологиялық таза стандарттар мен заманауи технологиялар жобасының құны 1,5 млрд. доллар. Кәсіпорынды жаңаша даму жүйесіне көшіру шараларына басқару жүйесін өндіруден әлемдік көшбасшы "Yokogawa" компаниясы қатыспақ. Жуырда екі тарап алғашқы ірі келісімшартқа қол қойды. "Екогава" компаниясының өкілдері бұл "іске" барлық жапондықтарға тән асқан жауапкершілікпен қарап шықты.

Алматы. 23 - мамыр. Kazakhstan Today - Павлодар мұнай-химия зауытын модернизациялауға жұмсалатын шығын 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Хабар" телеарнасының хабарлауынша, жаңа экологиялық таза стандарттар мен заманауи технологиялар жобасының құны 1,5 млрд. доллар. Кәсіпорынды жаңаша даму жүйесіне көшіру шараларына басқару жүйесін өндіруден әлемдік көшбасшы "Yokogawa" компаниясы қатыспақ. Жуырда екі тарап алғашқы ірі келісімшартқа қол қойды. "Екогава" компаниясының өкілдері бұл "іске" барлық жапондықтарға тән асқан жауапкершілікпен қарап шықты. Алдымен Павлодар мұнайхимия зауытының бүгінгі жағдайын зерттеп, болашақ перспективасын бажайлап барып өзара әріптестікте жұмыс істеуге шешім қабылдады. Екогава кәсіпорынға автоматтандырылған басқару жүйесінің ең мықты үлгілері мен күрделі құрал-жабдықтарын әкелмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны