08.01.2014, 18:22 2960

Павлодар мұнай-химия зауытына жарты миллиард теңгенің ірі өнеркәсіптік тапсырысы түсті

2016 жылы жоба аяқталғаннан кейін Павлодар мұнай-химия зауыты экологиялық К4 түріндегі жанармай мен К5 түріндегі дизель отынын шығара бастайды.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. "ҚазМұнайГаз" ҰК үлескер компаниясы "Rominserv" Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жобасы аясында жарты миллиард теңгелік ірі өнеркәсіптік тапсырыс қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жобасы аясында "Rominserv" компаниясы "Белкамит" ЖШС-мен құны жарты миллиард теңгелік жоба -жалпы салмағы 423 тонна болатын үш бағана дайындау туралы келісімге келді", - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, "Rominserv" компаниясы басшылығының құрылғыны сатып алу туралы шешімі жұмыс, қызмет пен тауардағы қазақстандық үлестің артуы жөніндегі мемлекеттік бастама негізінде құрылған.

2016 жылы жоба аяқталғаннан кейін Павлодар мұнай-химия зауыты экологиялық К4 түріндегі жанармай мен К5 түріндегі дизель отынын шығара бастайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны