03.07.2009, 13:44 2428

Павлодар мұнайхимиялық зауытының базасында мұнай өнімдерінің сапасын жақсартатын қондырғы іске қосылды

Павлодар мұнайхимиялық зауытының базасында мұнай өнімдерінің сапасын жақсартатын қондырғы іске қосылды

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар мұнайхимиялық зауытының базасында мұнай өнімдерінің сапасын жақсартатын қондырғы іске қосылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өңірлерімен арадағы телекөпірі барысында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгін біз Павлодар мұнайхимиялық зауытында сутегі өндіретін қондырғыны іске қосамыз", - деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, "қондырғыны іске қосу шығарылатын мұнай өнімдерін күкірт қоспасынан терең тазартуға мүмкіндік береді, бұл мұнай өнімдерінің сапасын жақсарта түседі".

"Мұндай қондырғыны ортану "Евро-3" және "Евро-4" стандарттарына көшуге жасалған алғашқы қадам болмақ", - деді әкім. Сондай-ақ, оның хабарлауынша, өндіріске салынған инвестициялар көлемі кәсіпорынның өз есебінен 5 млрд 800 млн теңгені құрады.

Өз кезегінде Елбасы "мұнайдан қажетті дүниенің бәрін сарқа алу, октандық саны жоғары қоспалар мен майларды алу - қазіргі басты мақсат" екенін атап өтті.

"Бұның бәрі еліміз бен Павлодар облысы халқының игілігі үшін жасалып жатыр", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны