06.09.2016, 17:17 3922

Павлодар облысы Малайзия мен Австрия елшілеріне өӊірдіӊ инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Тараптар екі жақты ынтыақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Павлодар. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауов Малайзияныӊ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дато Хидаят Абдул Хамид пен Австрия елшілігі сауда бөлімініӊ басшысы Михаэль Мюллерді қабылдады. Тараптар екі жақты ынтыақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Малайзия дипломатын қабылдау кезінде Болат Бақауов Павлодар облысы мен Малайзия арасындағы сауда айналымында импорт басым екендігін атап өтті.

"Сіздіӊ өӊірімізге жасаған сапарыӊыз өзара тиімді әріптестіктіӊ бастауы болады деп үміттенемін", - деді аймақ басшысы. "Біздіӊ облысымызда орналасқан экономикалық аймақта инвесторлар үшін тамаша мүмкіндіктер бар. Олар 2036 жылға дейін салықтан босатылады. Өӊіріміздіӊ Ресей Федерациясымен шекаралас болуы да экономикалық жағынан аса тиімді".

Өз кезегінде елші малайзиялық бизнес кеӊесшілер қонақ үйлерді салу және қонақжайлылық бойынша тренингтер өткізуде көмек көрсете алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, дипломат Малайзия мен Алматы, Атырау қалалары арасындағы оқытушылар және студенттермен өзара алмасу бағдарламалары туралы айтып берді. Ол қаламыздағы жоғарғы оқу орындарыныӊ осындай бағдарламаларға қатысуы үшін қолдау көрсете алатынын айтты.

Австрия елініӊ дипломаты да облыс әкіміне тиімді әріптестік ұсыныстарын жария етті. Елшілік өкілі Михаэль Мюллер Австрия елініӊ бизнесмендері Павлодар облысындағы машина жасау және көмір өнеркәсібі салаларындағы кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар жеткізуге дайын екендіктерін айтты. Сонымен қатар Австрия елініӊ кәсіпкерлері Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп, "Павлодар" АЭА-ыӊ жұмысымен танысуға қызығушылық танытып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны