22.12.2011, 09:10 3957

Павлодар облысына АҚШ-тан 300 астам асыл тұқымды ірі-қара жеткізілді

Павлодар облысының Баянауыл ауданына АҚШ-тан тұңғыш рет еттік бағыттағы абердин ангустұқымды тайыншалар мен сыйырлар әкелінген. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов мәлім етті.

Павлодар. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысына АҚШ-тан 300 астам асыл тұқымды ірі-қара жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодар облысының Баянауыл ауданына АҚШ-тан тұңғыш рет еттік бағыттағы абердин ангустұқымды тайыншалар мен сыйырлар әкелінген. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов мәлім етті.

"Кеше ғана Баянауыл ауданына 315 бас ІҚМ әкелінді. Оларды "Жайма" ЖШС сатып алды. Бұл еттік бағыттағы мал. Кәсіпкерлер малдың осы тұқымы біздің аймаққа жақсы бейімделеді деп, осы тұқымды таңдады. Жыл соңына дейін 700 бас әкелінеді", - деді Б. Қасенов.

Оның айтуынша, бұл малдардың әрбіреуі $4- $6мың аралығында.

Ол сондай-ақ сәрсенбі күні Ертіс ауданына Германиядан симменталь тұқымының 300 бас құнажыны мен тайыншасы әкелінеді деді.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың соңына дейін аймаққа 2000 бас импорттық асыл тұқымды тайыншалар әкелінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны