08.01.2008, 17:24 2658

Павлодар облысында 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алынған

Павлодар облысында 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алынған

Павлодар. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының тұрғындары 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ауылшаруашылық департаментінен хабарлады.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы аймақта 48 жәрмеңке өткізілген.

"Ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық қожалықтарының өндірген өнімдерінің көшпелі саудасы қалада да, облыс аудандарында да дәстүрге айналған деп айтуға болады. Сондай-ақ мұндай дәстүр фермер мен сатып алушыларды қайтадан жақындастыра түсті",- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында облыстық ауылшаруашылық департаментінің директоры Нұржан Ишімбетов.

Оның айтуынша, ауылшаруашылық жәрмеңкелері сатушылар үшін де, сатып алушылар үшін де тиімді: біріншіден сауда қатарларынан тегін орын беріледі және де өнім төмен бағамен сатылады. Соның нәтижесінде, мамандардың бағалауы бойынша, мұндай жәрмеңкелердегі өнімнің бағасы шамамен нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен. Және осындай делдалдарсыз өтетін жәрмеңкелер ауылшаруашылығының өнім өндірушілері үшін де өте тиімді.

"Аймақтың тұрғындары үшін өнімді жәрмеңкелерден сатып алу әдеттегі іске айналған және де мұндай іс-шаралардың ерекшелігінің бірі өнімдердің жаңа болуы, оларға небәрі бірнеше күн болған, сондықтан да олардың сапасына ешкімнің күмәні жоқ",- деген сенімде Н. Ишімбетов.

Мекеме қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, әсіресе жаңа жылдың алдында Павлодардың үш үлкен базарында өткен жәрмеңкелер өте табысты болған - онда облыстың сегіз ауданының фермерлері өз өнімдерін сатқан. Сатудан түскен қаржының көлемі 5 млн теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны