21.01.2008, 14:53 1836

Павлодар облысында 2007 жылы азық-түлік бағалары 24% көтерілді

Павлодар облысында 2007 жылы азық-түлік бағалары 24% көтерілді

Павлодар. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында былтыр 2007 жылы азық-түлік бағалары 24% көтерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық статистика басқармасына сілтеме жасай отырып.

Статистика басқармасының мәліметтері бойынша, былтырғы жылы азық-түлік бағалары аймақта 23,9 % көтерілді. Тұтыну нарығында нан өнімдері мен жармалық өнімдер 28,2% көтерілді. Мәселен, 1 сорттық бидай ұнынан шығарылған нан 39,3%, жоғарғы сортты ұнның наны 61,4% өсті.

Май мен тоң майлар 68,8% ұлғайса, оның ішінде өсімдік майы 2 есеге, сары май 46% көтерілді. Көкөніс пен жеміс -жидек бағасы 35,8% көтерілді. Статистика басқармасында атап өтілгеніндей, көкөністер арасында картоптың құны (58,4%) қызылша (50%), қызанақ (30,2%) қырыққабат (21,3%) әсіресе қатты көтерілді. Ал ет өнімдері бір жылда 21% өсті. Тауық еті - 31,8%,сиыр еті- 29,9% құрады. Сүт өнімдері 18%, жұмыртқа- 28,5% жоғарлады. Ал қант бағасы статистика мәліметтері бойынша 0,2% төмендеді.

Мәліметтер бойынша, былтырғы жылдың желтоқсан айында тұтыну индексінің құны (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) Павлодар облысында 2006 жылмен салыстырғанда 117,4% құрады. Бұл көрсеткіш 9,6% жоғары. Ал жан басына шаққанда өмір сүру деңгейінің ең төменге көрсеткіші желтоқсанда 9477 тенгені құрады. Бұл республика бойынша орныққан көрсеткіштерден (10768 тенге) 12% төмен.

Басқарамының ақпараты бойынша, өткен жылы азық-түлік емес тауарлардың құны 10,6%, ақылы қызмет көрсету -14,3% көтерілді. Азық-түлік емес нарықтағы тауарлар ішінде сұйық газдың бағасы әсіресе жоғары көтеріліп, 46,8% жетті. Цемент 52%, жанар-жағар май -20,1%, қол құралдары мен қосалқы жабдықтар- 15,7%, темекі өнімдері - 12,3% өсті.

Ведомствоның берген ақпараты бойынша, былтырғы жылы тұрғындар үшін көрсетілетін ақылы қызмет түрлері 14,3% көтерілді. Соның ішінде тұрғын үй коммуналдық қызмет - 11,7%, медициналық қызмет - 30,7%, жолаушы көлік тасымалы - 21,6%, демалу, көңіл көтеру орындарындағы қызмет түрлері 48,3% жоғарлады.

Өнеркәсіптік тауар шығаратын кәсіпорындар бағалараның индексі өткен жылы 124,3% жетті. Ал өндірілген өнімдер құны 24,3% өсті. Сондай-ақ, өндірістік қызмет түрі 24,7% көтерілді. Электр қуатын өндіру және тарату, су мен газдың бағасы 24,7 % -өсті. Тау- кен кәсіпорнында бағалар 8,8 %, қайта өңдеу өндірісінде 26,5% жоғарлады.

Басқарманың мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіргендер қаңтар мен желтоқсан айларында сатқан өнімдер құны 12,9 % ұлғайып, соның ішінде өсімдік өнімдері 9,2%, мал шаруашылық өнімдер -14,1% көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны