09.11.2009, 15:46 2656

Павлодар облысында 5839,5 млн теңгенің бюджеттік және өзге де заңдарды бұзушылыққа жол берілген - Есеп комитеті

Павлодар облысында 5839,5 млн теңгенің бюджеттік және өзге де заңдарды бұзушылыққа жол берілген - Есеп комитеті

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 5839,5 млн теңгенің бюджеттік және өзге де заңдарды бұзушылыққа жол берілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5839,5 млн теңгенің бюджет және өзге де заңдарды бұзушылыққа жол берілген, бұл ретте Есеп комитеті 5102,8 млн теңгенің, мәслихаттың тексеру комиссиясы 736,7 млн теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Есеп комитеті және Павлодар облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне бірлесіп жүргізілген бақылаудың қорытындысын шығарды.

Республикалық бюджет Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көздерінің біріне айналды. Өңірлік бағдамалардың 70%-дан астам іс-шаралары республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалармен жеткілікті дәрежеде келісілмеген.

Қолданыстағы өңірлік бағдарламалар экономиканың нақты жағдайын ескере отырып, олардың қарауындағы ресурстарды толығымен және талап етілген тиімділікпен пайдалануға мүмкіндік бермейді, түпкілікті нәтижеге және отандық тауар өндірушілердің қолдауына аса бағдарланбаған, облыс халқы сапалы, арзан тауарлармен, азық-түлік өнімдерімен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген.

Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген іс-шаралар толық көлемінде орындалмаған. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдері импортының деңгейі жоғары болғандықтан, отандық өндірушілерді ішкі нарықтан ығыстыру үрдісі сақталуда.

Жергілікті деңгейде сүт өндірушілер, дайындаушылар, қайта өңдеушілер және сауда ұйымдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар реттелмеген. Бұл, нәтижесінде сүт өнімі өндірісінің табысты болмауына алып келеді.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген қаражатты жергілікті атқарушы органдар жеткілікті дәрежеде тиімді және ұтымды пайдаланбай отыр, бірқатар әлеуметтік маңызы бар объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілмеген.

Облыста арнайы экономикалық аймақ құру және шағын кәсіпкерлік субъектілерін өндірістік бизнеске тарту жөніндегі және "Ертіс" ИКК-нің қатысуымен жобалар іске асырылмауда.

2007-2008 жылдары облыстың бірқатар елді мекендерінде 321,3 млн теңгенің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартқаннан кейін санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келмейтін ауыз су беру ұйымдастырылған. Осы мақсатқа бөлінген 58 млн. теңге бюджет қаражаты басқа қажеттіліктерге жұмсалған.

Жекелеген денсаулық сақтау және білім беру объектілері демографиялық жағдайды, үй-жайлардың тиімді пайдалануын, білікті кадрлармен қамтамасыз етілуін, оларды ұстаудың ерекшеліктерін және басқа да жағдайларды ескерместен салынуда.

Өңірлік бағдарламаларды іске асырудың, салықтық әкімшілік ету шараларының тиімділігінің төмендігі Павлодар облысында салық базасының өсуіне әсерін тигізбей отыр, бюджетке түсетін салық түсімдерін көбейту үшін ішкі резервтер жеткілікті дәрежеде пайдаланылмауда.

Бюджеттің төленбеген әкімшілік айыппұлы түріндегі шығынының өсімі сақталуда. Салықтық тексеру жүргізуге салық төлеушілерді іріктеу сапасыз жүргізілгендіктен, актілердің басым бөлігі нөлдік нәтижелермен аяқталуда немесе шамалы ғана қосымша есептелген сомалар бар.

"ПМХЗ" АҚ-да мұнай өнімдері өндірісі көлемінің қысқаруынан бюджетке түсетін салықтардың азаюы байқалуда. Облыстағы шағын және орта кәсіпорындардың қызметінен түскен салық түсімдері 56,4 пайызды құрап, 15 млрд. теңгеге дейін төмендеген.

Берілген салықтық жеңілдіктерге байланысты, "түспеген" кірістер 2007 жылы республикалық және жергілікті бюджеттің, тиісінше, 1,5 млрд. теңгесін және 213,4 млн. теңгесін, 2008 жылы - 2,6 млрд. теңгесін және 325,0 млн. теңгесін құрады.

Есеп комитеті және Павлодар облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы Үкіметке стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере отырып, солардың негізінде әзірленген, облыстардың түпкілікті нәтижеге бағдарланған орта мерзімді даму жоспарларын жасаудың әдістемесін қалыптастыруға ұсыныс берді. Павлодар облысының Икіміне облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін "Ертіс" ИКК-ні кеңінен қатысуға тартуды ұсынды. Қаржы министрлігінің Салық комитетіне салықтық әкімшілік ету тиімділігін арттырудың қажеттігі көрсетілді.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. Ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны