08.10.2007, 16:20 3156

Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді - ауылшаруашылық департаменті

Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді - ауылшаруашылық департаменті

Павлодар. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне аймақтық ауылшаруашылық департаментінен.

Ауылшаруашылық департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнде 612 мың гектардан астық жиналған, бұл жалпы астық алқабының (622 мың га) 98 пайызын құрайды. Ауылшаруашылық департаментінің директоры Нұрлан Ишімбетовтың айтуынша, облыстың солтүстік аймақтарындағы егін жинау науқаны үстіміздегі аптаның аяғына дейін аяқталады, бұл өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты науқан тоқтатылып, тек жексенбіде, 7-қазанда жалғастырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны