03.10.2007, 15:33 2842

Павлодар облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты астық жинау уақытша тоқтатылды

Павлодар облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты астық жинау уақытша тоқтатылды

Павлодар. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жауын-шашын салдарынан дәнді-дақылдарды жинау уақытша тоқтатылды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігіне берген сұхбатында облыстың ауыл шаруашылық департаментінің басшысы Нұржан Ишімбетов.

"Қолайсыз ауа-райы астық орушылардың жұмысын тоқтатты. Бидай егіс даласында су болғандықтан, комбаиндер мен машиналар тоқтатылды", - деді ауыл шаруашылық департаментінің басшысы сейсенбі күні. "Бізге астық жинау науқанын дұрыс аяқтау үшін бар болғаны бірнеше күн жетпей қалды", - деді Нұржан Ишімбетов. Ол, сондай-ақ, астықтың негізгі бөлігі орылғанын, алайда орылмаған астықтың бірнеше мың гектары бар екенін жеткізді.

Ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметіне сүйенсек, бидай негізгі үш бидай егетін аудандарда орылмаған. Облыстың солтүстігіндегі Ертіс ауданында шамамен 10 мың гектар, Железинск және Қашыр аудандарының әрқайсысында 3 мың гектардан жердің астығы орылмаған.

Жаңбырдың салдарынан бидайдың сабағы жатып қалып, комбайншыларға қиындық туғызуда. Оның үстіне, ылғалдылық деңгейі күрт артуда", - деді Нұржан Ишімбетов. "Астық 14 пайыз ылғалдылығында сапалы деп есептеледі. Бірақ, мұндай жаңбырдан кейін оның деңгейі екі есе өседі. Ол өз кезегінде астықты кептіру шығындарын арттыруға әкеледі", - деп түсіндірді ол.

Ауыл шаруашылық департаменті хабарлағандай, қазіргі таңда Павлодар облысында 612 мың гектар аумақта астық орылған. Астықтың орташа түсімі әр гектарынан 9,1 центнерді құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны