07.02.2008, 18:01 3060

Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-2 қуат блоктарының құрылысы жөнінде тыңдаулар басталды

Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-2 қуат блоктарының құрылысы жөнінде тыңдаулар басталды

Екібастұз. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысы Солнечный поселкесінде Екібастұз ГРЭС-2 үшінші және төртінші қуат блоктарының құрылысы жөнінде қоғамдық талқылаулар басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Техникалық- экономикалық негіздемелері "Энергопром" ғылыми зерттеу орталығында дайындалып қазіргі кезде республикалық тиісті ведомствосының қаралуында жатыр", - деп хабарлады " Екібастұз ГРЭС-2 Стансасы" АҚ инвестициялар және даму жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымжан Мұхамедзянов.

Компания өкілінің айтуынша, мемлекеттік қорытындылар ақпанның 15-де дайын болады.

Жобаны дайындағандардың мәліметтері бойынша, үшінші қуат блогының құрылысына 48 ай жұмсалып, оның іске қосылуы 2012 жылға жоспарланған.

Ал №4 блоктың жұмысына 57 ай кетеді. Бұл нысан құрылысы 2016 жылы аяқталып жұмыс істейтін болады.

Г. Мухамедзяновтың сөздері бойынша, екі блоктың қуаттылығы 500 мВт құрайды. Жобаны дайындағандардың айтуынша, №3 блогында жаңартылған "Т" кейпіндегі қазандық қойылады. Ал 4-ші блокқа- "мұнара" іспеттес қазандығы орнатылады.

"ТМД елдері аймағында мұнара қазандықтарын қою тәжірибесі болмағандықтан, бұл бірінші нысана болады ", - деп атап өтті Г. Мухамедзянов.

Оның ақпараты бойынша, екі блоктың құрылысына жұмсалатын инвестиция көлемі 160 млрд 659 млн теңгені құрайды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Астана мен Мәскеу арасында ГРЭС -2 базасы негізінде қазақстан-ресей кәсіпорны құрылғаннан кейін, жаңа блоктардың құрылысы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. "Бұл Ресей мен Қазақстанның бірлесіп істеген маңызды жобалардың бірі болғандықтан, ол көп уақыт бойы талқыланып, енді оны іс жүзінде асыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, стансаны одан әрі кеңейту мақсаттары бойынша, 3-және 4 блоктарының құрылысы қарастырылып отыр. Бұл Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жұмысындағы үлкен жетістік ", - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейсов.

Жоба бойынша №3 блогы 2011 жылы тапсырылады деп жоспарланған, ал №4 блогы 2014 жылы іске қосылады. Мамандардың айтуынша, энергетика саласында бұл Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ірі жобаларының бірі болады.

Екібастұзға келген соңғы сапары кезінде "ЕЭС Ресей" РАҚ төрағасы Анатолий Чубаис Мәскеу қазақ электр қуаты импортының ұлғайтылуына мүдделі деп атап өткен болатын. "Станса бүгінде ресей нарығында орналасып отырған қуаттың төрттен үш бөлігін өндіріп отыр. Біз ресей нарығына таратылып отырған осы электр қуаты көлемінің ұлғайтылуына мүдделіміз" - деді А. Чубайс.

Оның сөздері бойынша "стансадағы бар жұмыстардың ауқымы үлкен сенімділікті туғызады. Ал бұл дауыс беретін мықты дәйек. "Тұрақты отын базасы бар, мен "Богатырь" және "Северный" көмір разрездерін меңзеп отырмын. Оған қоса инвестициялық жобалардағы маңыздысы-сату нарығының бары", - деп атап өтті "ЕЭС Ресей" компаниясының басшысы.

Кеңес өкіметі кезінде жобаланған ГРЭС-2-нің қуаттылығын ғалымдар 6 қуат блогына дейін кеңейтуді көздеген болатын. Ал әзірге стансада олардың тек екеуі ғана жұмыс істеуде.

Қазақстан мен ресейдің жетекші ғалымдары бүгінде жоба құрылысы бойынша жұмыстарын жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны