28.12.2011, 14:40 3834

Павлодар облысында электр қуатын өндіру өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артқан

Биылғы жылдың 11 айының ішіннде Павлодар облысының жеті жылу электр стансасы 34,9 млрд. кВт/сағат электр қуатын өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 6,2 пайызға көп. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Павлодар. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында электр қуатын өндіру өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылдың 11 айының ішіннде Павлодар облысының жеті жылу электр стансасы 34,9 млрд. кВт/сағат электр қуатын өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 6,2 пайызға көп. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Павлодар облысы аймақтар арасында электр қуатының өндірілуі бойынша бірінші орында - жалпыреспубликалық өнімнің 45,3 пайызды құрайды. Екінші орында - Қарағанды облысы (13,2 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы (8,6 пайыз) үшінші орында.

Облыс ішінде электр қуаты көбінесе өндірістік нысандарға бағытталады - 92,2 пайыз, тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктеріне 3,1 пайызы пайдаланылады.

Облыстан тыс жерлерге 18,8 млрд. кВт/сағ. электр қуаты, ал республикадан шетке - 1,3 млрд. кВт/сағат электр энергиясы жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны