03.12.2009, 12:21 3210

Павлодар облысында электр қуатына түрліше тарифтер енгізілді

Павлодар облысында электр қуатына түрліше тарифтер енгізілді

Павлодар. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғалар үшін тұтыным көлеміне байланысты электр қуатына түрліше тарифтер енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең жоғарғы тариф 1 кВт/сағ үшін 8,36 теңге (ҚҚС қосқанда) көлемінде белгіленді. Ал электр плитасын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін ең төменгі тариф (1 адамға айына 110 кВт-сағ дейін тұтынған жағдайда), - 6,79 теңге. Ал электр плитасын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін ең төменгі тариф (1 адамға айына 90 кВт-сағ дейін тұтынған жағдайда) 1 кВт/сағ - 6,63 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны