05.10.2006, 12:01 3511

Павлодар облысында картоп түсімі өңір сұранысынан 6 есе артып, 190 мың тоннаны құрады

ПАВЛОДАР. 5-қазан. Kazakhstan Today. Биыл Павлодар облысында картоптың жалпы түсімі өңір сұранысынан 6 есе артып, 190 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы департаментінің директоры Нұржан Ишімбетов хабарлады.

Оның айтуына қарағанда, биылғы көктемде өңірде 10,9 мың гектарға картоп егілген. Орташа түсім бір гектардан 168 центнерді құрады.

Оның айтуынша, өңірдегі картопқа деген сұраныс жылына 31-32 мың тоннаны құрайды. "Жаңа түсімнің басым бөлігін Астана, Атырау, Ақтау және Қарағанды нарығына жіберу көзделген",- деді ақпарат өзі.

Картоп өсіру Павлодар облысындағы ең тиімді өсімдік шаруашылығы саласына жатады. Сол себепті осы түрді дамытуға Павлодарда басымдық бірелген. Осы көктемде ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі облыстық бағдарламаға сәйкес көкөніс өсірушілер жергілікті бюджеттен ауқымды субсидиялар алған. Ауылшаруашылығы құрылымдарына тек суару жұмыстарына 45 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. ""Мемлекет көкөніс өсірушілерге жанар-жағармай сатып алуға да 1 гектарына тұрақты 2409 теңгеден жеңілдік жасады, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алуға да қолдау көрсетті",- деді департамент директоры.

Оның айтуынша, шаруаларға көкөністерді қысқа қамдауға облыстық бюджеттен 90 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлінді. Жалпы алғанда осы күзде арнаулы көкөніс қоймалары мен жеке меншік қоймаларға 42 мың тонна картоп сақталады.

Қазір облыста кеш пісетін көкөністерді жинау жалғасуда. Кешегі жағдаймен Павлодар облысында 54 мың тонна қырыққабат, сәбіз, қызылша және басқа да көкөністер жиналды. Ең жоғары түсім облыстың Павлодар ауданында тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны