06.01.2014, 21:46 3099

Павлодар облысында Кәсіпкерлікті дамытудың тұңғыш аймақаралық форумы өтті

"Успенский ауданында алғаш рет өткен Кәсіпкерлікті дамыту тұңғыш аймақаралық форумы аясында Успенский ауданы әкімдігі мен Бурлин ауданының әкімшілігі (Алтай өңірі) арасында ауыл шаруашылық тауарларының экспорты мен импортын ұйымдастыру жөнінідегі келісімшартқа қол қойылды", - делінген хабарламада.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Павлодар облысы Успенский ауданында Кәсіпкерлікті дамытудың тұңғыш аймақаралық форумы өтті, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Успенский ауданында алғаш рет өткен Кәсіпкерлікті дамыту тұңғыш аймақаралық форумы аясында Успенский ауданы әкімдігі мен Бурлин ауданының әкімшілігі (Алтай өңірі) арасында ауыл шаруашылық тауарларының экспорты мен импортын ұйымдастыру жөнінідегі келісімшартқа қол қойылды", - делінген хабарламада.

Форум бағдарламасына сәйкес сұхбат алаңы ұйымдастырылып, онда Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды. Бұдан кейін Галицкое ауылында екі шекара маңы ауданы өкілдерінің кездесу өтті.

Бүгінгі таңдаУспенский ауданында 600-ге жуық жеке меншік кәсіпкерлер өз ісін табысты жүргізіп жатыр, арасында 182 ірі шаруа қожалығының басшылары да бар. Олардың басым бөлігі бүгінде ресейлік жақпен бірлескен бизнес жүргізуге сақадай дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны