05.05.2008, 13:40 1440

Павлодар облысында уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай балық аулауға тыйым салынды

Павлодар облысында уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай балық аулауға тыйым салынды

Павлодар. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай балық аулауға тыйым салынды. Бұл туралы агенттік тілшісіне аймақтық балық инспекциясының бастығы Геннадий Ткачев хабарлады.

"5 мамырдан 15 маусым аралығында уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай дала су тоғандарында, Ертіс , Усолка өзендерінде балық аулауға тыйым салынады ", - деді аймақтық балық инспекциясының бастығы Геннадий Ткачев. Ал Қаныш Сәтпаев атындағы су қоймасында (Ертіс-Қарағанды су арнасы), Екібазтұз су қоймасында және Екібастұздың ГРЭС-1 және ГРЭС-2 су қоймаларында 10 мамырдан 15 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады. Г. Ткачевтың айтуынша биылғы жылы балық аулау мерзімі былтырғы жылдан ертерек басталған. Бұл көктемнің ерте басталғандығы және су тасқынымен байланысты. Ол атап өткеніндей, балықты аулауға тыйым салу балық шаруашылығының Қазақ ҒЗИ ғалымдарының ұсынысымен енгізіліп отыр.

"Суық және ұзаққа созылған көктемге байланысты көптеген балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңі әлі аяқталмаған. Мысалы, шортан уылдырықты 80 % шашқан. Егер бұрын бұл кезеңде балықты қармаққа ұстауға рұқсат берілсе, енді оған да тыйым салынып отыр ", -деп атап өтті Ткачев.

Заңсыз балық аулауды алдын алу үшін 10 топ ұйымдастырылды. Біз қорық қызметі, полиция қызметкерлері, ауыл шаруашылық министрлігінің аумақтық бөлімшелердің мамандарымен бірлесе отырып рейдтер өткізіп, талапты бұзатындарға қатысты қатаң шараларды қолданатын боламыз", -деп хабарлады Г. Ткачев. Оның сөздері бойынша, браконьерлерге ҚР Икімшіліктік кодекстің 298-бабының 2-тармағы бойынша жаза қолданылып, іс шұғыл түрде сотқа берілетін болады.

Жеке тұлғаларға қатысты 10 нан 20 ға дейін АЕК(айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл қарастырылған болса, шағын және орта бизнес өкілдеріне 50-ден 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал ірі кәсіпкерлерге 100-ден 200 АЕК айыппұл салынып, балық аулауға пайдаланылған құрал жабдықтары да тәркіленеді.

Сонымен қатар биылғы жылдан бастап, кеме иелеріне қойылатын талап қатаңдатылады. Суда жүретін барлық көлік түрлерінің қозғалысы тиісті мекемелерде келісіліп жасалатын болады. Бұл талаптарды орындамаған кемелерге тыйым салынып, олардың иелеріне айыппұл салынады.

"Бұл тыйым салу шаралары балық санын қалпына келтіру мақсатында жасалып отыр ", -деп атап өтті Г. Ткачев.

Облыс инспекциясының мәліметтері бойынша Павлодар облысында жыл басынан бері балық аулау саласы бойынша 137 заң бұзушылық тіркеліп, 113 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 400 мың теңге айыппұл салынып, 217 балық аулау құралы тәркіленді. Экологтардың деректері бойынша аймақтағы суларда балықтың 20 түрі бар, оның екеуі Қызыл кітапқа енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны