05.09.2018, 18:20 4307

Павлодар облысында жаӊа электр станцияныӊ құрылысы аяқталып қалды

Бұл жаӊа электр станциясы темір жол кластерлерін, оныӊ ішінде жаӊадан салынған 7 зауыт пен ондағы темір жол құрылғыларын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Павлодар. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елімізді индустриялық - инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарлама аясында Павлодар облысында жаӊа электр станцияныӊ құрылысы аяқталып, ашылу уақыты таяп қалды. Бұл жаӊа электр станциясы темір жол кластерлерін, оныӊ ішінде жаӊадан салынған 7 зауыт пен ондағы темір жол құрылғыларын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Павлодар облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Жазылбек Ұлан Еркінұлы:

"Павлодар аймағы -жоғары технологиялық өндірістердіӊ арқасында еліміздегі жалпы ішкі өнімніӊ (ЖІӨ) артуына үлкен үлес қосып жатқан Қазақстан экономикасындағы көшбасшылардыӊ бірі. Облыста салынып, жылдам дамып жатқан Екібастұз темір жол кластері үздіксіз әрі сапалы берілетін, сонымен қатар заманауи және инновациялық технологиялармен жабдықталған электроэнергияны қажет етті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ нұсқауына сәйкес, Екібастұз кластері барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктерді өтейтін жоғары технологиялық әрі заманауи құрылғылармен жабдықталды. Елбасымыздыӊ бұл шешімінен мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында үкіметтіӊ ұлттық өндірушілерге деген қамқорлығын көруге болады!"

Жаӊа станцияныӊ жұмыс қуаты 80 мегавольт-амперге дейін, бұл станция кластерлерді үздіксіз энергиямен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ТМД аумағындағы теміржол дөӊгелектерін, арбалар мен бағыттамалық пойыздарды жасайтын әрі шығаратын "Проммашкомплект" зауытын, вагондар мен электровоздарға арналған темір жол өстері мен дөӊгелек жұптарды дайындайтын "R.W.S. Wheelset" зауытын, темір жолға арналған брустерді шығаратын "R.W.S. Concrete" зауытын, темір жолдардағы жолдардыӊ жоғары құрылымдарын ретке келтіретін түрлі құрылғылар дайындайтын "R.W.S. BINDING" зауытын электроэнергиямен қамтамасыз етеді.

"Railways Systems KZ" ЖШС бас директоры Хачатурян Артур Вагидович:

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ қолдауымен аз уақыттыӊ ішінде теміржол кластері салынды. Бұл кластер Қазақстан және өзге де елдердегі темір жол транспортына арналған ірі спектр шығарады. Ассортименттер көп, соған орай шығарып жатқан өнімдердіӊ көлемі жылдам өсуде. Аймақта осы бағыт бойынша 1500-ге жуық жаӊа жұмыс орындары ашылып, "Railways Systems KZ" атты мамандарды даярлайтын оқу орталығы ашылды. Сонымен қатар, біздіӊ шығарып жатқан сапалы өнімдерімізді мақтан тұтатын көптеген жоғары білімді мамандар бізбен бірге жұмыс жасағысы келетіні қуантады!"

Құрылыстыӊ ПС 220/35/10 кВ жалпы құны - "Екібастұз аумағындағы "ФерроТрансТрейд"ЖШС 2,5 миллиард теӊгені құрады. Құрылыстыӊ салынуы лизингтік түрде қаржыландырылды. Яғни "БРК-Лизинг" АҚ1,84млрд. теӊге көлемінде қаржыландырса, қаржыныӊ қалған бөлігі жеке өнеркәсіп орындардан берілді. "БРК-Лизинг" АҚ "Қазақстан банкін дамыту" ұйымына және "Бәйтерек" Ұлттық Басқару холдингініӊ құрылымына кіреді.

"БРК-Лизинг" АҚ-ныӊ Басқарма төрағасы Байбазаров Нұрлан Серікұлы:

"Елімізді дамытуға бағытталған өндіруші өнеркәсіптердіӊ салынуына "БРК-Лизинг" АҚ-ныӊ үлесі тигені біз өте қуаныштымыз, біз үшін бұл үлкен ғанибет".Бұл жобаныӊ сәтті қадамы теміржолдардыӊ жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, өз кезегінде еліміздегі транспорт-транзит жүйесін сапалы инфрақұрылым арқылы дамыта алатыны сөзсіз".

Жаӊа технологиялар мен құрылғыларды пайдаланып, Павлодар аймағыныӊ суық климатын негізге ала отырып, жаӊа станция жобасын "Siemens" компания жасап берді. Станцияныӊ есептік қуаты 41,36 мегавольт-амперді құрайды, ал резерв қуатын есепке алсақ, онда қуат мегавольт-амперге дейін. Сондай-ақ, теміржол кластерініӊ екі есеге дейін өсу мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны