15.01.2014, 19:23 3983

Павлодар облысының әкімдік құрылымы мен 2014 жылдың бюджетіне өзгерістер енді

"Босатылған бюджеттік қаражаттарды, бірінші кезекте, басымдыққа ие мәселелер - облыс тұрғындарының мүддесіне қатысты мәселелерді шешуге қайта жұмсаңыздар. Негізгі тірек инфрақұрылымды дамытуға - сапалы ауыз су мен жолдарға, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білімді дамытуға жасалсын",- деді облыс басшысы.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалық етуімен селектор режімінде аппараттық кеңес болып өтті. Кеңесте жұма күні өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралған қорытындылар мен одан әрі іс-әрекет алгоритмі мәселелері талқыланды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Облыс әкімінің орынбасарлары міндеттеріне де өзгерістер енгізілді, сәйкесінше олар басқаратын облыс басқармаларына да өзгерістер енді", - делінген хабарламада.

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізуге қатысты аймақ басшысы Павлодар облысының қалалары мен аудандары әкімдеріне бюджетті қайта қарау, аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсуіне септігін тигізбейтін тиімсіз шығыстарды оңтайландыру туралы тапсырма берді.

"Босатылған бюджеттік қаражаттарды, бірінші кезекте, басымдыққа ие мәселелер - облыс тұрғындарының мүддесіне қатысты мәселелерді шешуге қайта жұмсаңыздар. Негізгі тірек инфрақұрылымды дамытуға - сапалы ауыз су мен жолдарға, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білімді дамытуға жасалсын",- деді облыс басшысы.

Облыс әкімінің назарынан бюджеттің игерілмеу мәселесі де тыс қалмады.

Өткен жыл бюджетін игеру қорытындысы 98,4% құрап отыр. Игерілмей қалған қаражат - 2 миллиард 318 миллион 500 мың теңге. Қалалар мен аудандар әкімдері орта есеппен бюджеттің 99% игерген. Павлодар қаласының әкімдігі 97,9%-ды игерді, игерілмегені - 782 миллион 600 мың теңге. Бюджеттік бағдарламалардың облыстық әкімшілері бюджеттің 98,8% игерген. Ең төменгі көрсеткіш облыстың құрылыс басқармасында - 94,8%.

"Енді бюджеттік жоспарлау қатаң жүргізілетін болады, - деді мәжіліске қатысып отырғандарға облыс әкімі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны