10.01.2010, 14:11 3102

Павлодар облысының әкімі орталық мемлекеттік органдарды өңірлердегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға қатысты мәселелерді жедел шешуге шақырады

Павлодар облысының әкімі орталық мемлекеттік органдарды өңірлердегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға қатысты мәселелерді жедел шешуге шақырады

Павлодар. 10 қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық мемлекеттік органдарды өңірлердегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға қатысты мәселелерді жедел шешуге шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл біз елімізді серпінді индустриялық-инновациялық дамытудың бірінші бесжылдығына кірісеміз, біз президенттің барлық тапсырмаларын сапалы әрі уақытында атқарып шығуға тиіспіз", - деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев журналистерге берген сұхбатында, оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру барысында жергілікті атқарушы билік органдарына да, кәсіпорындарға да қатысы жоқ, бірақ "тиісті салалық министрліктерде тез арады шешуді талап ететін" көптегенн мәселелер туындап жатыр.

"Біздің айтпақшымыз, өңірлер тарапынан қойылған барлық сұрақтарды жедел түрде қараып, шешу керек, өйткені, өмір бізді күтіп тұрмайды. Жалпы алғанда, мәселе көп, егер олар шұғыл шешілмесе, біз бәрін құлатып аламыз. Біздің жедел қимылдауымызды өмірдің өзі талап етуде", - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың хабарлауынша, Павлодар облысында 2014 жылға дейін серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес 1 трлн астам теңгенің 49 жобасы іске асырылуда.

"Биылғы 1 қаңтардан бастап бізде бірінші бес жылдық басталады, жалпы алғанда, үміт үлкен. Республикалық және өңірлік индустрияландыру картасы бойынша бізде 49 жоба бар. Олардың көлемі 1 трлн теңгеден асады", - деді әкім. Оның айтуынша, "олардың 25-і биыл іске асырылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны