03.02.2014, 21:16 3196

Павлодар облысының әкімі Павлодар қаласының бас жоспарын қайта қарауды тапсырды

Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Павлодар қаласының бас жоспары негізінде жаңа құрылыс алаңқайлары жобаларын талқылау жөнінде жұмыс мәжілісін өткізді.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Павлодар қаласының бас жоспары негізінде жаңа құрылыс алаңқайлары жобаларын талқылау жөнінде жұмыс мәжілісін өткізді.

"Таныстырылған жобалардың ішінен су, жылу, кәріз бен электр қуаты қоры жеткілікті және қосымша бюджет шығынын талап етпейтін үлкен құрылыс алаңқайын таңдау керек. Илеуметтік нысандары мен сапалы инфрақұрылымы бар алаңқайға жаңа тұрғын үй кешендерін салуымыз керек. Қаланың әр жерінде түрлі кешендер құрылысын жүргізбей, белгілі бір ауданда немесе шағын ауданда балабақшалары, емханалары мен қажетті әлеуметтік нысандарын да салумен жүйелі құрылыс жұмыстарын бастайтын боламызБіз жаңа құрылыс алаңқайы туралы жобаны қабылдап, ортақ шешім шығаратын боламыз", - деп атап өтті Қ.Бозымбаев.

Жұмыс мәжілісінде "Спорт сити Павлодар" құрылысы тоқтатылатыны туралы мәлім болды. Бұл жобаның құрылыс алаңына тиісті инфрақұрылым тартылмаған екен.

Аймақ басшысы қала әкіміне осы аудан төңірегіндегі құрылыс жұмысының нақты алгоритмін, кестесін, жаңа тұрғын үйлер құрылысын аяқтау мерзімін нақтылап, жаңа үйлерге қоныстанушыларға дұрыс түсіндіру қажеттілігін де айтты.

Сондай-ақ, отырыста облыстың құрылыс басқармасына типтік тұрғын үйлер жобасын әзірлеу тапсырмасы берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны