19.02.2007, 14:32 2887

Павлодар облысының әкімшілігі мен аймақтың ірі өндірістік кәсіпорындары серіктестік туралы келісімге қол қойды

ПАВЛОДАР. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысының әкімшілігі мен аймақтың ірі өндірістік кәсіпорындары серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Келісім Павлодар облысындағы әлеуметтік-құқықтық ахуалды жақсартуға бағытталған міндеттемелерді қарастырады. 57 ірі өндірістік кәсіпорын басшылары халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсыртуға, өнімдер сапасын көтеру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында атқарушы билікпен тығыз ынтымақтастық жасауға өз қызығушылықтарын танытты.

Атап айтқанда, ынтымақтастық аясында Павлодар облысы тарапынан көп пәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар салуды жоспарлануда. Соның ішінде, "Казахстанский электролизный завод" АҚ өзінің пәтерге зәру қызметкерлерін пәтермен қамтамасыз етпекші. Жобаға сәйкес, мемлекет кәсіпорынға баспана тұрғызу үшін жер телімін беруге әзір, ал нысандарға берілетін барлық коммуникация бюджеттік қаржы есебінен болмақ. Өз кезегінде кәсіпорын құрылыс аяқталғаннан кейін өзінің қызметкерлеріне ұзақ мерізімді пайызсыз несие беруді міндетіне алады, сондай-ақ, зауыт биыл қаладағы кезекті балабақша салуға қатыспақ.

Келісімге қол қою барысында Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов аймақта өндірістің инновациялық технологиясын енгізу қажет екендігін атап өтті. "Осы саладағы кәсіпорындар Павлодар облысының ғылыми орталықтарымен және де білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта болуы қажет",- деді ол. Ол сонымен қатар, жалақының өсуі өндірістің өсуіне парапар болуы қажет, деп қосты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны