24.07.2015, 15:31 3694

Павлодар облысыныӊ кәсіпорындары ЭКСПО-2017 жобасына белсенді қатысуда

Павлодар облысыныӊ шағын және орта бизнесі ЭКСПО-2017 жобасына қатысуын кеӊейте алмақ. Олар құрылыс жұмыстарына ғана емес, сонымен бірге, логистикаға, қауіпсіздік пен қоғамдық тамақтандыру жүйесін ұйымдастыруға тартылады деп жоспарлануда. Осындай ұсыныстар Павлодар облысыныӊ кәсіпорындарымен 23 шілдеде өткен жұмыс мәжілісінде көтерілді

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Павлодар облысыныӊ шағын және орта бизнесі ЭКСПО-2017 жобасына қатысуын кеӊейте алмақ. Олар құрылыс жұмыстарына ғана емес, сонымен бірге, логистикаға, қауіпсіздік пен қоғамдық тамақтандыру жүйесін ұйымдастыруға тартылады деп жоспарлануда. Осындай ұсыныстар Павлодар облысыныӊ кәсіпорындарымен 23 шілдеде өткен жұмыс мәжілісінде көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК бас мердігерлерімен кездесуге осы аймақтыӊ 30 өкілі келді. Кездесудіӊ мақсаты - павлодарлық кәсіпорындарды, аймақтыӊ шағын және орта бизнесін ЭКСПО-2017 жобасына белсенді түрде тарта отырып, көрмедегі жергілікті мазмұнныӊ көлемін ұйлғайту.

"Келісім-шарт алдындағы мәмілелерге Павлодардағы өткен кездесуде қол қойылған болатын. Бүгінгі кездесу - біздіӊ бірлескен жұмысымыздыӊ жалғасы. 2014 жылы біз материалдыӊ алғашқы партиясын жеткіздік. Павлодардыӊ металлургиялық кәсіпорындары арматураны 40 мыӊ тоннаға дейінгі көлемде жеткізуге дайын, бұл шетелден әкелінетін шикізаттыӊ орнын толығымен басатын болады", - деп атап өтті кездесу кезінде Павлодар облысы әкімініӊ орынбасары Николай Дычко. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК және Павлодар облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға 2014 жылдыӊ желтоқсанында қол қойылды. Биылғы жылдыӊ 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қазірдіӊ өзінде Павлодар облысынан құрылысқа 3 отандық тауар өндіруші тартылып, жасалған келісім-шарттардыӊ жалпы сомасы 760 млн. теӊгені құрап отыр.

Мәжіліске металлургия, машина жасау, химия, жиһаз және жеӊіл өнеркәсіп секілді түрлі салалардағы кәсіпорындар қатысты. Олардыӊ арасында болат құю зауытына өкілдік ететін "Кастинг" ЖШС, сым-өткізгіш өнімдерді өндіретін "ҚазЭнергоКабель" АҚ және автокөлік жолдары мен аэродромдық жабындар құрылысында қолданылатын пенополистиролды өндіретін "СТИРОЛ компаниясы" ЖШС болды.

"Біз өткен жылдан бастап материалды жеткізумен айналысып келеміз, келісім-шарттардыӊ сомасы әзірше үлкен емес, алайда "темірбетон кезеӊі", кейін әрлеу кезеӊі және сым-тетіктерді жүргізу кезеӊі болатынын түсінеміз. Сондықтан біз екінші кезеӊде жеткізілім сомасы өседі деп үміттеніп отырмыз. Қазір біз "BI Group" және "Базис-А" компанияларымен жұмыс жасап жатырмыз, ал "Mabetex" компаниясымен келіссөздер жүргізудеміз", - деді "ҚазЭнергоКабель" АҚ бас директоры Олег Крук.

Сондай-ақ, кездесуде "Астана ЭСКПО-2017" ҰК тығыз ынтымақтаса жұмыс жасайтын "Атамекен" Кәсіпкерлер ұлттық палатасыныӊ өкілдері де қатысты. Қазіргі таӊда отандық тауар өндірушілердіӊ тізілімі қалыптастырылып жатқаны атап өтілді. Бұл тізілімніӊ ішіне металлургия, машина жасау, кабельдік өнімдер саласындағы компаниялар ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсету саласындағы, әрлеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар да кіргізіліп отыр. Тізілім "Астана ЭКСПО-2017" бас мердігерлерімен арадағы қатынас-байланысты жақсы қамтамасыз ету үшін қазақстандық тауар өндірушілерді бірыӊғай тізімге жүйелеуге мүмкіндік бермек.

Кездесу кезінде "Астана ЭСКПО-2017" ҰК басқарма төрағасыныӊ орынбасары Алмаз Жаманбеков бас мердігерлер мен отандық тауар өндірушілерді диалогқа шақырып, ЭКСПО-2017 жобасына қатысудыӊ түрлі шарттары ұсынылғанын еске салып өтті.

"Қазір көрменіӊ ресми қатысушыларына ұсынылатын тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Шағын және орта бизнес те сонда дамуы тиіс. Тек құрылыстыӊ шеӊберінде тұйықталып қалмаӊыздар, өздеріӊіздіӊ компанияларыӊызды түрлі салалардағы жұмыстарға тартыӊыздар. Павлодарда шағын және орта бизнес жақсы жұмыс жасайды, сондықтан оны логистикадан бастап, көлік, тамақтандыру жүйесі, қорғау қызметін ұйымдастыруға дейінгі жұмыстарға тарту қажет", - деп атап өтті Алмаз Жаманбеков тауар өндірушілерге қарата айтқан сөзінде.

Мұндай кездесулер Қазақстанныӊ әрбір облысыныӊ өкілдерімен өткізіледі. Қазіргі таӊда "Астана ЭКСПО-2017" көрме нысандарыныӊ құрылысына 101 қазақстандық кәсіпорын тартылып, жасалған келісім-шарттардыӊ жалпы сомасы 88 млрд. теӊгені құрағанын еске саламыз. Қазірдіӊ өзінде Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарыныӊ әкімдіктерімен және Астана қаласыныӊ әкімдігімен меморандумдарға қол қойылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны