04.01.2008, 10:21 1733

Павлодар облысының шаруа қожалықтары 2007 жылы 2,5 млрд теңгеге техникалар сатып алған

Павлодар облысының шаруа қожалықтары 2007 жылы 2,5 млрд теңгеге техникалар сатып алған

Павлодар. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының шаруашылық қожалықтары 2007 жылы 2,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыға техника сатып алған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ауылшаруашылық департаментінен хабарлады.

"Барлық дерлік ірі шаруашылықтарда жаңа, қымбат және де бұрындары қол жетпеген техникалар пайда болды. 67 жоғары өнімді егіс кешенін Ертіс өңіріндегі агрошаруашылықтар сатып алды, бұл жер өңдеу барысында ресурстарды үнемдейтін технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді",- деп хабардар етті департаменттегілер.

"Техника өз бағасын ақтайды. Бүгінде фермерлерде дайын ақшаның болуы әрине жақсы, ұдайы баспа бас айырбас саясатының күні өтті",- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында облыстық ауылшаруашылық департаментінің бастығы Нұржан Ишімбетов.

Департамент мәліметтеріне сүйенсек, фермерлер сондай-ақ егіс алқаптарын суаратын жаңа машиналар да сатып алған. "Мысалға айта кетсек, "Ақтоғай-Агро" ЖШС неміс фирмасының заманауи "Пивот" суарғыш кешенін сатып алған. "Омар" агрошаруашылығы итальяндық жаңбырлы машинасын сатып алғаннан кейін озық суару әдісін қолдана бастады. Павлодарлық шаруалар мал азығын дайындау техникасын да игеруде",- деп түсіндіріп өтті Н. Ишімбаев.

Мекемедегілердің айтуынша, алдын ала жасалған бағалауға сүйенсек, 2008 жылы аймақтың фермерлік шаруашылықтары 3 - 3,5 млрд теңгеге жаңа техникалар сатып алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны