26.05.2014, 21:32 3172

Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрады

"Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрайды. Өткен жылғы аталмыш сауда айналымы 2,8 млрд долларды құраған еді. Биыл бірінші маусым қорытындысы бойынша, сыртқы сауда көлемі 146 млн долларды құраса, соның ішінде РФ мен БР үлесі 81 млн долларға жеткен", - дейді ол.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.

"Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрайды. Өткен жылғы аталмыш сауда айналымы 2,8 млрд долларды құраған еді. Биыл бірінші маусым қорытындысы бойынша, сыртқы сауда көлемі 146 млн долларды құраса, соның ішінде РФ мен БР үлесі 81 млн долларға жеткен", - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс аталмыш екі елден сатып алатын тауарына қарағанда оларға сататын өнімдерінің үлесі жоғары.

"Географиялық қасиеттерді ескере отырып, технологиялық байланыстарды қоссақ, біздің басты әріптесіміз РФ болып табылады. Соңғы үш жылда бұл елмен сауда айналымы шамамен екі есеге өсіп, өткен жылы 3 млрд долларды құрады", - дейді облыс әкімі.

"Ресейден біздің облысқа машина жасау, химия, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері мен халықтық тұтыну тауарлары әкелінеді", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны